Қытайда бір тәулік ішінде коронавирусты жұқтырудың 23 жаңа жағдайы тіркелді.
Олардың ішінде 8 белсенді және 15 симптомсыз түрі бар. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті хабарлайды.
Жаңа жағдайлар Ляонин, Шанхай, Сычуань, Ішкі Моңғолияда және Гуандун провинциясында тіркелді.
Коронавирус жұқтырған науқастар арасында көз жұмғандар жоқ.