430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иракта қауіпсіздік мәселесі бойынша сарапшыны атып кетті

  • 371
  • UPD: 11:50, 07.07.2020
Иракта қауіпсіздік мәселесі бойынша сарапшыны атып кетті

Ирактың Бағдат қаласында қауіпсіздік мәселесі бойынша сарапшы Хишам аль-Хашеми қаза тапты.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қару ұстаған кісілер Хашемиді өз үйінің жанында атып кеткен. Марқұм ауруханада көз жұмды.

Айта кетейік, соңғы кездері Хашеми «жасыл аймақты» жиі шабуылдап жүрген радикал ұйымдардың әрекетін қатаң сыңға алып отырды. Бұл аймақта шетелдің елшіліктері мен мемлекеттік мекемелер орналасқан. Сарапшының өліміне қатысты жауапкершілікті әзірге ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Тергеу ісі жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы