417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин Жерорта теңізіндегі тіршілік иелеріне оң әсер етті

  • 137
  • UPD: 15:36, 07.07.2020

Карантин Жерорта теңізінде мекендейтін тіршілік иелерінің көбеюіне оң ықпалын тигізді. Бұл Италия жағажай күзетінің қызметкерлері жүргізген зерттеулердің нәтижесі.

Мамандардың айтуынша, короновирус пандемиясы басталысымен теңіз жағалауында кеме қатынасы тоқтап, адамдар қалмаған. Зерттеу барысында ғалымдар судан сынама алып, роботтардың көмегімен су астында түсірілім өткізіп, теңізде мекендейтін жануарлар мен балықтардың санағын жүргізген. Бұл жұмыстардың толық нәтижесі осы айдың соңында жарияланады. 

Косимо Никастро, Италия жағажай күзетінің өкілі:

 - Империя қаласының маңына дельфиндердің көптеп келгенін байқадық. Ал Пантеллерия мен Лампедуза аралдарының ортасына теңіз тасбақалары келген. Эльба аралының маңында киттер кездесті. Бұған қарағанда теңіз жануарлары адамдар жүрмейтін жерге орала бастаған көрінеді. 

Теңізде зиянды заттардың бөлінуі тоқтағанымен су астындағы пластик қалдықтар экожүйеге әлі де үлкен қауіп төндіруде. Оған қоса мамандар круиздік лайнерлер және кемелердің келісімен аймақ медициналық маска мен қолғаптарға да толуы мүмкін деп дабыл қағуда.

Хабар 24 телеарнасы