417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда мектеп оқушылары мінген автобус бөгенге құлады

  • 136
  • UPD: 14:18, 07.07.2020
Қытайда мектеп оқушылары мінген автобус бөгенге құлады

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында мектеп автобусы су қоймасына құлады.

Әзірге жолаушылар саны мен құрбан болғандар туралы ақпарат белгісіз болып отыр.

Оқушылар мінген автобус белгісіз себептермен бір жаққа қарай төңкеріліп, жолдың шетіндегі кедергілерді сындырып, Аньшунь қаласындағы бөгенге құлаған.

Гуйчжоу провинциясының өрт сөндіру бөлімінің хабарлауынша, оқиға орнында 100-ге жуық құтқарушы, оның ішінде 17 сүңгуір адам жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы