418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада сауда орындарының жұмысына рұқсат берілді

  • 137
  • UPD: 14:30, 07.07.2020
Мексикада сауда орындарының жұмысына рұқсат берілді

Мехико тұрғындары бұрынғы тыныс тіршілігіне орала бастады. Коронавирус құрбандарының санына қарағанда  Мексика әлем елдері бойынша бесінші орында тұрса да аймақта сауда орындары біртіндеп ашылып жатыр.

Алайда биліктің талабы бойынша дүкендерде санитарлық шаралар қатаң сақталуы тиіс. Кез келген ғимаратқа кіре берісте келушілердің дене қызуы тексеріліп, қолдары зарарсыздандырылып отырады. Маска мен әлеуметтік арақашықтық та сақталуы керек.

Айта кетейік, бүгінде Мексикада 260 мыңнан астам адамға Ковид-19 диагнозы қойылды. Індеттің ілмегіне ілінген 30 мыңнан астам тұрғын дерттің құрбанына айналды. Алайда Мексиканың денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, елде науқастардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы