414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боливияда коронавирустан көз жұмғандар көмусіз қалуы мүмкін

  • 495
  • UPD: 14:39, 07.07.2020
Боливияда коронавирустан көз жұмғандар көмусіз қалуы мүмкін

Боливияда коронавирустың өршуіне байланысты жерлеу қызметі өзіне жүктелген міндетті атқарып үлгіре алмай жатыр.

Ассошиэйтед Пресс агенттігі жариялаған бейнежазбалардан Кочабамба қаласында індеттен көз жұмған адамдардың денесі көшеде жатқандығын көруге болады. Олар шүберекпен жабылған. Дерт дендеп, қайтыс болғандар саны артқандықтан бюро бірнеше мәйітті бір жерге жерлеп жатыр. Жақында Боливияның денсаулық сақтау министрі Эйди Рокадан да сovid-19 анықталған.

Эйди Рока, Боливияның денсаулық сақтау министрі:

- Мен күнделікті міндеттерімді кейінге шегеріп, аз уақытқа демалыс алдым. Денсаулығымды күтуім қажет. 

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі вирустың таралуына тосқауыл қою үшін қабылданған шектеу шараларының нәтиже бере бастағандығын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Боливияда коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асқан. Бір жарым мыңға жуық азамат аталған дерттен көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы