423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуде вирус кесірінен мыс өндірісі тұралады

  • 366
  • UPD: 15:33, 07.07.2020
Перуде вирус кесірінен мыс өндірісі тұралады

Перуде Covid-19 індетіне шалдыққан науқастардың саны 305 мыңнан асты. Қауіпті вирус 10 мыңнан астам тұрғынның өмірін жалмады.

Рейтер ақпарат агенттігінің мәліметінше, Перу науқастар саны бойынша әлемде 5 орында тұр. Ал вирус құрбандарының саны бойынша 10-орында. Бұған қарамастан шілде айының басынан бері елде карантиннің шектеу шаралары бәсеңдей бастады. Аймақтағы тау-кен өндірісі де өз жұмысын жандандырды. Айта кетейік, Перу Дүние жүзіндегі мыс өндіру бойынша екінші орында тұрған ел. Кәсіпорын наурыз айынан бері тұралап қалған.

Мартин Вискарра, Перу президенті:

- Вирустан әлі де құтылған жоқпыз. Қырағылық танытып, эпидемиологиялық талаптарды елемесек, індеттің қайта өршуіне әкеп соғуымыз мүмкін. Тұрғындардың барлығы қауіпсіздік шараларды қатаң сақтау керек. Коронавирус пандемиясымен күресте күшімізді біріктіруіміз керек. Сонда ғана дерттің таралуына тосқауыл қоя аламыз.

Хабар 24 телеарнасы