417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда су тасқынына байланысты қауіптің жоғарғы деңгейі жарияланды

  • 196
  • UPD: 15:31, 07.07.2020
Қытайда су тасқынына байланысты қауіптің жоғарғы деңгейі жарияланды

Қытайдың Цянь-цзян қаласы топан су астында қалды. Жергілікті билік аймақта қауіптіліктің жоғарғы деңгейін жариялады.

Төпелеп жауған жауын салдарынан аймақтағы өзен-көлдер арнасынан асып, ауыл шаруашылығына арналған жерлер мен егіс алқаптарына зиян келді. Шаһардағы ғимараттар суға батты. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Мамандар аймақта жауын жуырда басылмайды деп отыр. Тасқын Хубей провинциясы мен Янцзы өзені бойындағы елді мекендерге де қауіп төндіріп тұр.

Хабар 24 телеарнасы