418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сібірде орман өрті қайта тұтанды

  • 161
  • UPD: 15:36, 07.07.2020
Сібірде орман өрті қайта тұтанды

Сібірде орман өрті қайта басталды. Экологтар аймақтағы тілсіз жаудың өткен жылдағыдай өршіп кетуінен қауіптенеді.

Былтыр тұтанған орман өртінен миллиондаған гектар орманды алқап жарамсыз күйге айналған. Қазірдің өзінде қызыл жалын 80 мың гектар жерді тып-типыл етті. Красноярск және Иркутск облыстарында төтенше жағдай режимі жарияланды. Өңірде күн 30 градусқа дейін ысып кетті.

Синоптиктердің айтуынша, аптап ыстық ай соңына дейін сақталады дейді. Ал бұл өрт сөндірушілердің жұмысын қиындата түспек.

Хабар 24 телеарнасы