429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда 7 мыңға жуық тұрғын жарықсыз отыр

  • 233
  • UPD: 17:36, 07.07.2020
Жапонияда 7 мыңға жуық тұрғын жарықсыз отыр РБК-Украина

Жапониядағы су тақынынан 50-ден астам адам мерт болды.

Тағы 12 адам ізім-қайып жоғалған. Жарақат алған екі адамның жағдайы мүшкіл. Бірнеше күн үздіксіз жауған жауын елдің оңтүстік-батысын әбігерге салды. Кюсю аралында шамамен 7 мыңға жуық тұрғын әлі де жарықсыз отыр. Баспаналар мен көпірлерге зақым келді. Табиғи құбылыс салдарынан банктер, мемлекеттік ғимараттар мен өзге де кеңселер жұмысын тоқтатты. Қауіпті өңірлерге 10 мыңға жуық құтқарушы жұмылдырылды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ФукуОка, Кумамото, Нагасаки мен Оита префектурасынан 1 миллоннан астам адам эвакуацияланады.

Хабар 24 телеарнасы