418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс өрши түспек – қытайтанушы

  • 280
АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс өрши түспек – қытайтанушы РИА Новости

АҚШ пен Қытай арасындағы жанжал ушығатын болса, Оңтүстік Корея қос державамен ынтымақтастық орнату бойынша стратегия әзірлеуі керек.

Танымал қытайтанушы Ким Хын Гю осылай деп отыр. Оның пікірінше, АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс тек өрши түспек. Осы ретте дипломаттарға артылатын жауапкершілік мол. Америкалықтар Оңтүстік Кореяның бас одақтасы болса, қытайлар бас сауда серіктесі саналады. Профессор Қытайдың ықпалы тек Азияда ғана емес, бүкіл әлемде күшейіп отырғанын айтады. Ал Вашингтон Бейжіңмен тартыста Азия-Тынық мұхиты аймағындағы беделін арттыру үшін орта қашықтыққа әсер ететін зымырандарын Оңтүстік Корея, Жапония, Филиппин мен Австралияға орналастыруға ниетті. Профессордың айтуынша, көрші Солтүстік Корея америкалықтар мен қытайлар арасындағы жанжалға әрекет ету стратегиясын әлдеқашан дайындап қойса керек.

Ким Хын Гю, Аджу университетінің Қытай саясатын зерттеу орталығының директоры:

– АҚШ пен Қытай арасындағы стратегиялық бәсекелестік кезінде Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпайды. Пхеньян қалаған уақытында Корей түбегінде әскери іс-қимылдарын бастап кете алады. Бірақ біз қорғана алмаймыз. Тіпті АҚШ-тың зымыранға қарсы 10 қорғаныс жүйесін орнатсақ та, бұл мүмкін болмайды.

Хабар 24 телеарнасы