418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда маска тақпағандар COVID-ауруханаларда жұмыс істеуге міндеттеледі

  • 198
Үндістанда маска тақпағандар COVID-ауруханаларда жұмыс істеуге міндеттеледі

Үндістан билігі коронавирусқа қатысты сақтық шараларын елемейтін тұрғындармен өзгеше тәсілмен күреседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Гвалиор қаласында маскасыз жүргендер мен өзге де санитария талаптарын сақтамағандар 3 күн бойы қауіпті вирус жұқтырғандарды емдейтін ауруханада жұмыс істеуге міндеттеледі. Болмаса полицейлердің бақылау-өткізу бекеттерінде еңбектенеді. Ережені елемегендер айыппұл төлейтін болады. Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші тұр. Тұрғындар қоғамдық орында міндетті түрде маска тағып жүруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы