418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орман өрті салдарынан Дарданелл бұғазы жабылды

  • 154
Орман өрті салдарынан Дарданелл бұғазы жабылды cappadociavisit.com

Түркияның Галлиполи түбегінде ірі орман өрті ырық бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті билік Дарданелл бұғазын жауып тастады. Сондай-ақ Чанаккале шығанағындағы кемелердің қозғалысы да тоқтады. Тілсіз жау 300 гектардан астам аумақты шарпып үлгерді. Билік таяудағы 3 ауылдың тұрғындарын эвакуациялаған. Құрбандар мен жапа шеккендер жоқ. Оқиға орнына ауыл және орман шаруашылығы министрі атанды. Отты ауыздықтауға 400-ге жуық маман тартылған. Одан бөлек 20 тікұшақ пен 2 ұшақ жұмылдырылды. Алайда қатты жел өртті сөндіруге кедергі келтіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы