418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда кейінгі тәулікте коронавирустан 200 адам көз жұмды

  • 126
  • UPD: 09:13, 08.07.2020

Иранда соңғы тәулікте коронавирустан 200 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – пандемия басталғалы ең үлкен тәуліктік көрсеткіш. Соңғы рет антирекорд 5 шілдеде тіркелген еді. Ол кезде індеттен 163 тұрғын көз жұмған. Жалпы, Ислам Республикасы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша әлем елдерінің ондығына кіріп, бұл тізімдегі Италияның орнын басты. Вирусты жұқтырғандар санының артуы салдарынан тұрғындар қоғамдық орында маска тағып жүруге міндеттелді.

Пунех Давари, Тегеран тұрғыны:

– Биліктің халықты маска тағуға міндеттегені дұрыс болды. Әйтпесе, тұрғындардың метрода, автобуста не басқа да қоғамдық орындарда бетпердесіз бейқам жүргенін байқауға болады. Олар тек өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығына қауіп төндіреді.

 

Хабар 24 телеарнасы