418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Бурятиядағы ауыл ор қазу арқылы оқшауланды

  • 123
  • UPD: 09:19, 08.07.2020

Бурятия билігі Шулута ауылы төңірегінде ор қазып, елді мекенді оқшаулап тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған коронавирустың өршуі себеп. Өткен айда мұнда індетті жұқтырған әйел бақсы рәсімін өткізген. Сөйтіп, вирус өзге тұрғындар арасында таралып кеткен. Негізі, ауылдағы халық саны 450-ге жуықтайды. Солардың 25-інің індетті жұқтырғаны расталды. Науқастармен байланыста болған тағы 133 тұрғын бар. Жалпы, Шулута Байкал көліне жақын орналасқан. Бұдан бөлек «Тункинский» ұлттық саябағына жетпек болған демалушылар дәл осы ауыл арқылы өтеді. Сол себепті саяхашылар арасында коронавирустың таралуын болдырмау үшін билік елді мекен төңірегінде ор қазу шешімін қабылдады. Алайда соған қарамастан, кейбіреу көлігімен ауылға өтпек болса керек. Осы ретте қосымша ор қазылған.

Иван Альхеев, «Тункинский район» муниципалдық бірлестігінің басшысы:

– Бізде ауыларалық 10 жол бар. Иркут өзеніне демалуға баратын саяхатшылар біздің елді мекен арқылы өтеді. Сол себепті өзге аймақ тұрғындарының көлікпен ауылға кірмеуі үшін оны айнала ор қазылды.

 

Хабар 24 телеарнасы