418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузия карантин кезінде жеміс-жидек баптауға күш салды

  • 112
  • UPD: 10:37, 08.07.2020

Пандемия бүкіл әлем экономикасына әсер еткені анық. Әсер еткенде де кәдімгідей әлсіреті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кахетия аймағы карантин кезінде жеміс-жидекті баптауға күш салыпты. Қазір шабдалы мен өзге де өнімдерді жинау науқаны басталды. Ендігі мақсат шекаралардағы жасыл дәлізді пайдаланып, өзге елдерге, оның ішінде Қазақстанға да  өнімді экспорттау мәселесін шешу.

«Кахетияның жері құнарлы», дейді кәнігі бағбан Георгий Шаошвили.  Шаошвилилер әулеті ауыл шаруашылығымен айналысады. Жер еңбектенген емеді дегенді де әулет басы жиі айтады. Маңдай тері сіңгенде ғана мол өнім алуға болады. Әрине, көп ретте ауа райына да байланысты. Былтыр жаз суық болып, жеміс дұрыс өспеп еді. Биыл күн жылы, шаруаға қолайлы. Демек түсімнің де көп болатыны заңдылық

Георгий Шаошвили, шаруа:

– Мен 5 гектар жерде шабдалы өсіремін. Биыл түсім жақсы. Былтыр жеміс дұрыс шықпай, табыс та болмады. Қазір сауда да жүріп тұр, шабдалы жақсы сатылып жатыр, бағасы да көңілге қонымды, экспортқа да шығардық. Отбасым мен көршілерім бірлесіп жұмыс істейміз. Кейбіреуі тегін көмектессе, енді біреулеріне ақшасын төлеймін. Биыл шамамен 100 тонна жеміс алдық.

Пандемия жағдайында көп сала шығын шеккені белгілі. Ауыл шаруашылығы бағытында сыртқы сауададан түсетін қаржы дәтке қуат. Шаруалар елдегі карантинге қарамастан жұмысын тоқтатқан емес. Былтыр 13 мың тонна шабдалы мен шырынды жеміс экспортталған болса, биылдың өзінде Кахетияда 35 мың тонна жеміс алынды. Үкімет бірнеше елмен шарт жасасып, келісімге қол қойды, яғни жергілікті бағбандарға қолдау көрсету мақсаты көзделді.

Соломон Павлиашвили, Грузияның ауыл шаруашылығы және қоршаған орта министрінің орынбасары:

– Біз ауыл шаруашылығының барлық бағыты бойынша экспорт жүзеге асады деп ойлап отырмыз.  Былтыр біз 14 мың тонна шабдалыны сыртқа саттық. Биыл түсім әлдеқайда жақсы. Әрі жеміс сақтайтын 22 тоңазытқыш сатып алынды. Асығыс жоқ. сақтайтын жер бар. Құнын түсірмей өткіземіз.

Пандемия да іскер жандарға тосқауыл емес. Грузия жемістің үштен бірі Ресей, Армения, Әзербайжан, Қазақстан және өзге де елдерге жөнелтуді жоспарлап отыр. Сыртқы саудаға жағдай жасайтын келісімдерге қол қойылды, кәсіпкерлер үшін арнайы «жасыл дәліз» құрылған.

Авторлары: Индира Жылқайдарова, Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы