425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перудің Ми-17 әскери тікұшағы Амазония джунглиінде жоғалып кетті

  • 380
  • UPD: 09:40, 08.07.2020
Перудің Ми-17 әскери тікұшағы Амазония джунглиінде жоғалып кетті

Перудің солтүстігінде гуманитарлық көмек жүгі бар Ми-17 әскери тікұшағы жоғалып кетті, деп хабарлады елдегі әскери әуе күштерінің өкілі Вольфганг Гросо.

«Ұшу уақыты 12:53 болды, 13:18-де қонуы керек еді, бірақ ол межелі жерге жетпеді», - деді ол.

Генерал-майор Гросоның айтуынша, Ми-17 бортында төрт адам болған, ал тікұшақты отынмен қамтамасыз ету 2,5 сағаттық ұшуға есептелген.

Тікұшақты үнемі ұшып жүрген тәжірибелі ұшқыштар басқарғанын да айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы