426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда жойқын жарылыстан 6 адам ажал құшты

  • 198
  • UPD: 09:58, 08.07.2020
Сирияда жойқын жарылыстан 6 адам ажал құшты

Сирияның солтүстік – шығысында болған жойқын жарылыстан 6 адам мерт болып, тағы 7 тұрғын түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаза тапқандардың арасында үшеуі бала. Ауыр жараланған 4 адам шұғыл Түркияға жеткізілді. «Рейтерс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, автокөлікке орнатылған жарылғыш зат Таль Абьяд қаласында көкке ұшқан. Жергілікті билік оқиғаға  аймақтағы террорлық ұйымды айып отыр. Айта кетейік, Сириялық күрдтердің бақылауында болған Таль Абьяд қаласы өткен жылдың қазан айында террорлық топтардан тазартылған еді. «Бейбіт көктем» деп аталатын операциясының мақсаты – Түркияның оңтүстік шекарасы маңындағы «террор дәлізін» жою болған. Сонымен қатар, Анкара бұл аймақты күрдтерден тазартып, оған  миллиондаған босқынды қоныстандыруды көзделген болатын.

 

 

Хабар 24 телеарнасы