425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия президенті коронавирус жұқтырды

  • 263
  • UPD: 12:03, 08.07.2020
Бразилия президенті коронавирус жұқтырды РИА Новости

Бразилия президенті Жаир Болсонару өзінен СOVID-19 анықталғанын растады.

Бұдан бұрын оның коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Өйткені дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, ағзаға өттегінің түсуі 96%-ке дейін төмендеген болатын.

Жаир Болсонару соңғы бірнеше айда төртінші рет тест тапсыруға мәжбүр болған. Сондай-ақ ол өзін жақсы сезінетінін және індеттің жеңіл түрде өтіп жатқанын айтты.

Хабар 24 телеарнасы