418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда су тасқыны салдарынан 60-қа жуық адам көз жұмды

  • 131
  • UPD: 12:31, 08.07.2020
Жапонияда су тасқыны салдарынан 60-қа жуық адам көз жұмды RT

Жапонияның Кюсю аралында үш күн қатарынан жауған күшті нөсер салдарынан 60-қа жуық адам қаза тауып, тағы 16-сы із-түзсіз жоғалып кетті.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Қаза болғандардың тізіміне ресми түрде 57 адам енгізілген, тағы екеуі клиникалық өлім жағдайында.

Қазіргі уақытта Кюсю аралындағы 2,3 мыңнан астам пәтерлер мен жеке үйлер су құбырларының бұзылуына байланысты ауыз сусыз қалды.

Қазіргі уақытта нөсер Хонсю аралының орталық бөлігі – Нагано мен Гифу префектураларына ауысты. Мұнда су тасқыны және тау көшкіні қаупі салдарынан 54 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы