417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде коронавирус жұқтырғандар саны 301 мыңнан асты

  • 128
  • UPD: 14:32, 08.07.2020

Чилиде бір тәулікте 2 жарым мыңға жуық адамнан «Ковид-19» анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 301 мыңнан асты. Чили індет дендеген елдер тізімінде 6-шы орында тұрған Испания мен Ұлыбританиядан асып түсті. Індеттің жаппай таралуына қарамастан ел билігі шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетуді жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін Чилиде коронавирустан 268 мың науқас сауығып, 6 мыңнан астам азамат қайтыс болған.

Энрике Парис, Чили республикасының денсаулық сақтау министрі:

– Бүгінгі таңда Чилиде 301 мыңнан астам адамның COVID-19 жұқтырғаны расталды. Көрсеткіштерге қарап, пандемияға қарсы күрестің біршама жақсарғанын байқауға болады. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыруымыз керек.

 

Хабар 24 телеарнасы