418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияның екі штаты арасында шекара жабылады

  • 148
  • UPD: 13:50, 08.07.2020
Австралияның екі штаты арасында шекара жабылады

Австралияның Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльс штаттары арасындағы шекара соңғы жүз жылда алғаш рет жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Мельбурн қаласындағы коронавирусқа шалдыққан науқастар санының күрт өсуі себеп болды. Қазір шекарадағы тәртіпті қадағалау үшін өңірге жүздеген әскери жұмылдырылды. Викториядан Жаңа Оңтүстік Уэльске өтпек болғандардың қолында арнай рұқсат қағазы болуы керек. Ережені бұзғандар 11 мың австралия доллары мөлшерінде айыппұл төлейді. Немесе 6 айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Пандемия басталғалы Австралияда 9 мыңнан астам адам «Ковид-19» індетіне шалдыққан. Жүзден астам науқас қауіпті инфекциядан көз жұмды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы