429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда тілшілер президентке қарсы сотқа шағымданды

  • 202
  • UPD: 13:50, 08.07.2020
Бразилияда тілшілер президентке қарсы сотқа шағымданды

Бразилияның баспасөз қауымдастығы коронавирус індетіне шалдыққан ел президенті Жаир Болсонаруды ауруын біле тұра тілшілердің алдына шығып сұхбат бергені үшін айыптап, сотқа шағымданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болсонаруға тест нәтижесі бойынша «Ковид-19» диагнозы қойылған болатын. Осыны біле тұра президент тілшілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Өзінің ауруға шалдыққанын ол брифингте дүйім жұртқа жариялады. Ұйымның ресми сайтында Болсонару бетіндегі маскасын шешіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтамағаны жайлы жазылған. Журналистер мемлекет басшысын оқшаулану талабын орындамай, заң бұзушылыққа барды деп жазғырып отыр. Жергілікті заң бойынша айыпталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Немесе айыппұл төлейді.

 

Хабар 24 телеарнасы