418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда адамдарға шабуылдаған қолтырауын ұсталды

  • 165
  • UPD: 13:51, 08.07.2020
Үндістанда адамдарға шабуылдаған қолтырауын ұсталды

Үндістанның батысында екі адамды өлтірген қолтырауын ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бауырымен жорғалаушы Гуджарат штатындағы өзеннің жағасына келгендерге шабуылдайтын еді. Аймақ тұрғындарының айтуынша, ол осы күнге дейін екі әйелді мерт қылды. Оны қолға түсіруге 11 адам жұмылдырылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қолтырауын орман департаментіне тапсырылды. Айта кетейік, 19-20 ғасырларда қолтырауындарды жаппай ата бастағандықтан, олардың саны күрт азайып кеткен. Соңғы кездері қолтырауындардың популяциясы қайта көбейе бастады.

Хабар 24 телеарнасы