417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда жанармай тасымалдайтын көлік жарылды

  • 120
  • UPD: 13:51, 08.07.2020
Колумбияда жанармай тасымалдайтын көлік жарылды

Колумбияда жанармай тасымалдайтын көліктің жарылысынан қаза тапқандардың саны 10-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 7 адам оқиға орнында қаза тапса, үшеуі ауруханада көз жұмды. Тағы 50-ден астам тұрғын түрлі жарақат алған. Дәрігерлер кей науқасты Богота қаласына жеткізді. Қайғылы оқиға елдің солтүстігінде болды. Жанармай тасымалдайтын жүк көлігі аударылғаннан кейін тұрғындар одан бензинді құйып алмақ болды. Көп ұзамай көліктің күлі көкке ұшты.

 

Хабар 24 телеарнасы