418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Памплонада Сан-Фермин фестивалі басталды

  • 178
  • UPD: 15:35, 08.07.2020
Памплонада Сан-Фермин фестивалі басталды

Испанияның Памплона қаласында Сан-Фермин фестивалі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл бұл іс-шара туристердің қатысуынсыз өтіп жатыр. Және бұқалардың дәстүрлі сайысы ұйымдастырылмайтын болды. Фестивальге қатысқан 400-ге жуық азаматтың бәрі бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап жүр. Сәуір айында билік коронавирустың дендеуіне байланысты мерекелік іс-шаралардың болмайтынын жариялаған еді. «Сан-Фермин Фиестасы» 800 жыл бойы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Оған мыңдаған шетелдік турист қатысатындықтан қазынаға 150 миллион еуро түсетін.

 

Маноло Кавиано, фестивальге қатысушы:

– Біз биыл ашылу салтанаты болмайтынын білдік және мерекеге асқан жауапкершілікпен қарадық. Барлығына орын жеткілікті, азаматтардың әлеуметтік қашықтықты сақтағандығы қуантады. 14 шілдеге дейін осылай болады деп сенемін. Бір-бірімізді құрметтей отырып, мерекені жалғастырамыз. Ал келер жылы фестивальді ауқымды түрде атап өтеміз.

 

Хабар 24 телеарнасы