429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда тасқыннан мерт болғандардың саны артты

  • 299
  • UPD: 15:35, 08.07.2020
Жапонияда тасқыннан мерт болғандардың саны артты

Жапонияда алапат су тасқыны мен лай көшкінінен мерт болғандардың саны 58-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кюсю аралында тағы 16 адам із-түзсіз жоғалған. Аймақта нөсер жауынның толастар түрі жоқ. Аралдағы өзендер мен көлдер арнасынан тасып жатыр. Табиғат апаты мыңнан астам тұрғын үй мен өзге де ғимараттардың тас-талқанын шығарды. Қауіпті аймақтарға 20 мыңнан астам әскери жөнелтілді. Тұрғындарды өзге жерге көшіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы