426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда карантин 1 тамызға дейін ұзартылды

  • 277
  • UPD: 17:26, 08.07.2020
Колумбияда карантин 1 тамызға дейін ұзартылды

Колумбияда коронавирусқа байланысты карантин 1 тамызға дейін ұзартылды.

Негізі шектеу шаралары 25 наурызда енгізілген. Сол уақыттан бері бірнеше мәрте ұзартылып, 15 шілдеде аяқталуы тиіс еді. Алайда елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр. Мәселен, соңғы тәулікте Колумбияда коронавирус жұқтырудың 4213 дерегі тіркелді. Бұл пандемия басталғалы 24 сағатта тіркелген рекорд. Бүгінде елде індетті жұқтырғандар саны 125 мыңға таяп қалды. 

Дейман Кастелланос, Богота тұрғыны:

- Билік карантиннің бұзылмауын қатаң қадағалап отыр. Алайда шектеу шараларын елемейтіндер әлі де болса көп.

Хабар 24 телеарнасы