417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда лай көшкіні тоғыз адамды басып қалды

  • 155
  • UPD: 17:25, 08.07.2020
Қытайда лай көшкіні тоғыз адамды басып қалды

Қытайда лай көшкіні жүріп, 9 адамды басып қалды. Қазір құтқару операциясы жүріп жатыр.

Оқыс оқиға ХубЭй провинциясында болған. Мұнда нөсер толастамай тұр. Жауын Қытайдың оңтүстігі мен шығысындағы өзге өңірлерде де басылар емес. Салдарынан өзендер арнасынан тасып, біраз өңірді су басты. Бұл аймақтарда қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды. Синоптиктердің айтуынша, нөсер жуық арада басылмайды.

Хабар 24 телеарнасы