418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Итальяндар тойға көп қонақ шақыруға рұқсат беруді талап етті

  • 155
  • UPD: 18:17, 08.07.2020

Италияда қалыңдықтардың наразылық акциясы өтті. 15 ару той көйлегін киіп, Римдегі Треви субұрқағының жанына жиналды.

Шараға той индустриясының қызметкерлері де қатысқан. Олар биліктің шектеу шараларына қатысты өз наразылығын білдірді. Италияда 18 мамырдан бастап үйлену тойын өткізуге қайта рұқсат берілген. Алайда қонақтар саны шектеулі болу керек. Меймандармен қоса жас жұбайлардың өздері де маска тағуға міндетті. Алайда итальяндар бұл шараны кең ауқымда тойлауды жақсы көреді. Сондықтан көбі оны кейінге шегеруге мәжбүр. Бұл тек жас жұбайларды ғана емес, той индустриясының қызметкерлерін де қынжылтып отыр. Олар шығынға шаш етектен батқандарын айтады. 

Марио Кандитоне, AIRB қауымдастығының өкілі:

- Той индустриясында 30 мың компания бар. Бұл салада миллиондаған адам қызмет етеді. Алайда қазір бәрінің жұмысы тоқтап тұр.

Жергілікті тұрғын:

- Мен мұнда өз наразылығымды білдіру үшін келдім. Үйлену тойым биыл өту керек еді. Алайда пандемияға байланысты оны кейінге қалдырдық. Негізі шіркеуді тауып қойған едік. Алайда мейрамханалар келіспей жатыр. Сондықтан өмірімдегі басты шаралардың бірін келесі жылы өткізетін болдық.

Хабар 24 телеарнасы