426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейі Ұлы тоқырау кезіндегі көрсеткіштерден асып кетуі мүмкін

  • 175
  • UPD: 09:16, 09.07.2020
Дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейі Ұлы тоқырау кезіндегі көрсеткіштерден асып кетуі мүмкін Акчабар

Коронавирус кесірінен дамыған елдердегі жұмыссыздық деңгейі Ұлы тоқырау заманындағы көрсеткіштерден асып кетуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілдері осындай болжам жасап отыр. Сарапшылардың айтуынша, екі қолға бір күрек таппай жүргендер қатары пандемиядан аса қатты зардап шеккен елдерде артпақ. Бұл ең алдымен АҚШ, Франция, Италия мен Испания. Мамандар қазір жұмыссыздықтан зардап шегіп отырғандардың арасында әйелдер мен жастардың көбін мәлімдеді. Ал еңбек нарығындағы дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге тек 2022 жылы ғана қайта оралу мүмкін деген болжам да айтылды.

Хабар 24 телеарнасы