418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nokia қызметкерлері ереуілге шықты

  • 137
  • UPD: 09:16, 09.07.2020
Nokia қызметкерлері ереуілге шықты

Парижде Nokia қызметкерлері ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға мыңдаған адам жиналған. Наразылық акциясына финляндиялық компанияның Франциядағы 1233 қызметкерін қысқарту шешімі себеп. Бұл жоспар келер жылы жүзеге асырылмақ. Ұқсас наразылық шарасы өткен аптада Францияның өзге қаларында да өткен.

Лаура Хамон, Nokia қызметкері:

– Біз жүктілік кезінде де, сенбі-жексенбіге қарамай, жұмыс істеп келеміз. Сонда Nokia басшылығы бізге осылай алғыс айтып отыр ғой. Компания бар болғаны, Румыния, Польша мен Үндістан секілді жұмыс күші арзан елдерді көздеп отыр. Сол үшін де Франциядағы қызметкерлерін қысқартпақ.

Хабар 24 телеарнасы