418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияның Местиа таулы аймағында орман өрті өршіп тұр

  • 104
  • UPD: 09:19, 09.07.2020
Грузияның Местиа таулы аймағында орман өрті өршіп тұр

Оған ыстық әрі құрғақ ауа райы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяуда 11 отбасы тұрады. Билік ондағы балаларды қауіпсіз жерге көшірді. Отты ауыздықтауға жүзден аса өрт сөндіруші тартылған. Сондай-ақ арнайы техника мен тікұшақтар да жұмылдырылды. Алайда мамандар кейбір орындарға жете алмай әлек. Оның үстіне жел мен күннің ыстығы өрт сөндіруге кедергі етіп отыр.   

Леван Гирсиашвили, Грузия ІІМ төтенше жағдайларды басқару қызметі басшысының орынбасары:

– Хаиши ауылының төңірегінде өрт сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанына 4 күн болды. Алғашында 4 өрт ошағы тіркелген. Қиындықтарға қарамастан, күні-түні тоқтамай жұмыс істеуіміздің арқасында олардың үшеуінде оттың таралуы тоқтады. Бірақ төртінші өрт ошағына не арнайы техника, не мамандар жете алмай отыр. Әзірге отты тек тікұшақтың көмегімен сөндіріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы