418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та бір тәулікте 60 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

  • 143
  • UPD: 10:53, 09.07.2020
АҚШ-та бір тәулікте 60 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, бұл пандемия басталғалы бергі ең нашар көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана Калифорнияда соңғы тәулікте 10 мыңнан астам азамат коронавирус жұқтырған. Осыған байланысты Американың кейбір штаттары шектеу шараларын қайтадан енгізді. Көптеген мейрамхана, бар, жағажай жабылды. Тұрғындардан әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі. Сонымен қатар АҚШ-та вирусқа қарсы «Ремди-сивир» препаратын тестілеу басталды. Ол ингаляция жасау арқылы қолданылады. Бұған дейін Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы «Ремди-сивирді» коронавирустан емдейтін жалғыз дәрі екендігін атап өткен болатын. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтар коронавирустың ауыр түріне шалдыққан науқастарға жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейін, АҚШ-та осы уақытқа дейін 3 миллионнан астам азаматтан індет анықталған.

Хабар 24 телеарнасы