426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан карантин талаптарын күшейтіп жатыр

  • 256
  • UPD: 10:53, 09.07.2020
Өзбекстан карантин талаптарын күшейтіп жатыр

Ертеңнен бастап республика ішінде көліктің қатынауына шектеу қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени, ойын-сауық іс шаралары мен үйлену тойларын өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ саябақтар мен балабақшалар, киім-кешек сататын дүкендер мен базарлар, спорзалдар мен фитнес-клубтар, дәмханалар мен мейрамханалар, шипажайлар мен басқа да демалыс орындары жұмысын тоқтатады. Бұған елдегі коронавирус індетінің ушығып кетуі себеп. Қазір мұнда бір күнде ең кемі 400 коронавирус дерегі тіркеледі. Жұқпалы аурудан көз жұмғандардың да саны артып барады. Дерттен 45 адам мерт болған. Есесіне ауруханалар мен карантин орталықтарында орындар жетіспей жатыр дейді дәрігерлер. Сол себепті азаматтарды карантинге алу мерзімі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Қазір жергілікті билік қауіпті індетті жұқтырды деген күдігі бар адамдарды колледждер мен университеттердің жатақханаларына орналастырмақ. Ал аурудың белгілері анықталмаған науқастарды үйде емдеу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Хабибулла Окилов, коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі штаб мүшесі:

– Егер бір күнде бір мың-бір мың жарым коронавирус дерегі анықталатын болса, онда Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйесі күйрейді. Сол себепті біз карантин талаптарын 20 күнге күшейтуге мәжбүрміз. Егер қазір қатаң шараларды қолға алмасақ, ертең мұның салдары тіптен ауыр болуы ғажап емес.

Хабар 24 телеарнасы