426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда коронавирустың таралуы бәсеңдеді

  • 218
  • UPD: 10:53, 09.07.2020
Германияда коронавирустың таралуы бәсеңдеді

Соңғы тәулікте 4 млн тұрғыны бар Берлинде 40 адамнан инфекция анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел бойынша 5200 науқас ем алып жатыр. Қазір Макленбург Алдыңғы Померания федералдық жерінде эпидемиялық ахуал тұрақты. Бұл әзірге індеттің таралуына тосқауыл қойған жалғыз аймақ. Елдің батысында да жағдай оңалып келеді. Бірер күн бұрын Гютерсло ауданында карантин аяқталды. Енді фитнес орталықтары, театрлар мен музейлердің жұмысы қайта жанданады. Ал тұрғындар еш кедергісіз саяхаттай алады. Карантин талаптары жеңілдегенімен, өзге өңірлер туристерді қабылдауға асығар емес. Мәселен, Төменгі Сак-сонияға бару үшін Гютерсло тұрғыны коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсыруы тиіс.

Гизела, Гютерсло тұрғыны:

– Біз карантин режимінің мерзімі нақты қашан аяқталатынын білмедік. 14 күннен кейін билік шектеу шараларын тағы 1 аптаға ұзартуды жоспарлаған еді. Карантиннің жеңілдеуі біз күтпеген жақсы жаңалық болды. Немерелерімді көре алатыныма, Мюнстердегі ұлыма баратыныма қуанып тұрмын. Бұған дейін қаладан шығуға рұқсат етілмеді.

Аймақта карантин тәртібі ет комбинаты қызметкерлері індетке шалдыққаннан кейін күшейтілген болатын. Қазір кәсіпорын жабық тұр. Жұмысы қашан жанданатыны әзірге белгісіз.

Свен-Георг Аденауэр, аймақтық кеңес мүшесі:

– Фабриканың қашан ашылатынын болжап айта алмаймын. Тённис зауыты жіті тексеріледі. Әсіресе, вирус жұқтырғандар жұмыс істеген бөлімдер. Қауіп сейілмейінше, зауыт ашылмайды.

Хабар 24 телеарнасы