418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та өлім жазасы федералды деңгейде қайта енгізілді

  • 159
  • UPD: 10:56, 09.07.2020
АҚШ-та өлім жазасы федералды деңгейде қайта енгізілді

17 жылдық үзілістен кейін АҚШ-та өлім жазасы федералды деңгейде қайта енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаткерлердің айтуынша, қатаң жаза кісі өлтірген қаныпезерлерге қатысты қолданылады. Осы жазда 5 тұтқынды өлім жазасына кесу жоспарланған. Олардың жүрек соңысын тоқтату үшін арнайы дәрі егіледі. Естеріңізге сала кетейін, 2003 жылдан бері Америка Құрама Штаттарында өлім жазасына жабық мораторий жарияланған. Ал әділет министрлігіне оның жүзеге асырылуын тексеру жүктелген еді. Алайда өлім жазасы кейбір штаттарда қолданылып келді.

Хабар 24 телеарнасы