418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда тұрғын үйге кран құлап, бір адам мерт болды

  • 135
  • UPD: 10:57, 09.07.2020
Лондонда тұрғын үйге кран құлап, бір адам мерт болды

Ұлыбританияның Лондон қаласында көтергіш кранның тұрғын үйге құлауынан 1 әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 4 тұрғын жарақат алды. Зардап шеккен екі адам басынан жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 20 метрлік көтергіш кран шаһардың шығысындағы жаңа салынып жатқан Боу ауданында құлаған. Марқұмның денесі ғимараттың 1 қабатында табылды. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы