417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда су тасқынына байланысты 230 мың адамға эвакуация жарияланды

  • 151
  • UPD: 10:50, 09.07.2020
Жапонияда су тасқынына байланысты 230 мың адамға эвакуация жарияланды

Жапониядағы Кюсю аралында су тасқыны және көшкін қаупіне байланысты 230 мың адамға эвакуация жарияланды, деп хабарлады ria.ru.

Сенбі күні Жапонияда жауған нөсер жаңбыр және су тасқыны, көшкін қазірдің өзінде 59 адамның өмірін қиды. Төрт адам ауыр халде жатыр, ал 16 адам іс-түссіз жоғалып кетті.

Сондай-ақ Жапонияның 22-префектурасында 4700 үй ішінара және толықтай қираған.

Оқиға орнында құтқарушылар мен 10 мың әскери қызметкер жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы