418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда бір тәулікте 45 мың адам коронавирус жұқтырған

  • 150
Бразилияда бір тәулікте 45 мың адам коронавирус жұқтырған

Бразилияда коронавирус дерті дендеп барады. Латын Америка елінде бір тәуліктің ішінде 45 мың адам осы індеттің ілмегіне іліккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

1200 тұрғын осы кеселдің құрбаны болды. Жалпы пандемия басталғалы 1 млн 700 мыңнан астам бразилиялыққа коронавирус диагнозы қойылған. Олардың 68 мыңы ауруды жеңе алмай бақилық болды. Айта кетейік, Бразилия әлем елдері ішінде вирустың таралуы бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Бүгінде жаһан бойынша індетке 12 млн-нан астам адам шалдыққан.

Хабар 24 телеарнасы