418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда індеттің дендеуінен ауруханаларда орын тапшы

  • 137
  • UPD: 15:25, 09.07.2020
Қырғызстанда індеттің дендеуінен ауруханаларда орын тапшы

Қырғыз елінде де жағдай мәз емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алатаудың арғы бетінде коронавирус инфекциясы дендеп барады. Салдарынан елдің денсаулық сақтау саласына ауыртпашылық түсті. Аймақта дәрігерлер мен өкпені жасанды желдету аппараттары тапшы. Сонымен қатар індетті анықтайтын тесттердің саны жеткіліксіз. Ауруханаларда науқастардың саны артқандықтан, бос орын жоқ. Кей өңірлерде мектептер мен стадиондар уақытша аурухана ретінде жабдықталды. Көмекке медицина университетінің студенттері мен волонтерлер жұмылдырылып жатыр.

Саадат Куттубаева, медицина орталығының басшысы:

– Сенбі күннен бастап біз 12-тұрғын кешенінде 140 орынға арналған күндізгі стационар аштық. Күніне шамамен 500 науқасты емдейміз. Ем қабылдаған тұрғындардың көбі пневмония немесе тұмау ауруына шалдыққан. Сонымен қатар респираторлық вирустық инфекциямен фарингит, ларингит немесе трахеитпен ауыратындар жиі кездеседі.

Шамиль Талантов, медицина университетінің студенті:

– Көлігімді сатып, ол ақшаны қайда жұмсайтынымызды да жоспарлап қойдық. Қаракөл қаласындағы жағдайды жіті бақылап отырамыз. Үнемі дәрігерлермен, белсенділермен хабарласып, не қажет екенін сұрап отырамыз. Көбінесе медициналық құрал жабдықтар жетіспей жатады. Сондай-ақ ауруханада бос орындар да тапшы.

Хабар 24 телеарнасы