418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция COVID-19 індетінің екінші толқынына дайындалып жатыр

  • 157
Франция COVID-19 індетінің екінші толқынына дайындалып жатыр

Франция COVID-19 індетінің таралмауын қатаң бақылауға алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі эпидемияның екінші толқынына дайын болуы тиіс. Мұндай ақпаратпен елдің Денсаулық сақтау Бас дирекциясының басшысы бөлісті. Оның айтуынша, халық маска киюді жалғастырып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет. Қазір бұл елде коронавирустың 90-ға жуық ошағы тіркелген. Жеті жарым мыңнан астам адам ауруханаларда ем қабылдап жатыр. 538 науқастың жағдайы ауыр. Ел билігі коронавирус инфекциясының екінші толқынына төтеп беру үшін оқшауланудың жаңа жоспарын әзірлеп қойды. Осы уақытқа дейін Францияда 169 мыңнан астам адамнан індет анықталды. 30 мыңға жуық азамат қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы