423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Tesla толықтай жүргізушісіз басқарылатын көліктер шығарады

  • 201
  • UPD: 17:15, 09.07.2020
Tesla толықтай жүргізушісіз басқарылатын көліктер шығарады

Жақында америкалық Tesla компаниясы бесінші деңгейлі пилотсыз автокөлікті шығарады.

Ол көлік қоғамдық жолдарда жүргізушінің көмегінсіз жүре алады. Бұл туралы Reuters агенттігі Tesla басшысы Илон Маскке сілтеме жасап хабарлады.

Кәсіпкердің айтуынша, Tesla 2020 жылы жаңа технологияның негізгі функционалдығына қол жеткізе алады. Қазіргі уақытта компания автопилот функциясы бар автомобильдер шығаруда.

Сонымен қатар Tesla автомобильдерге жаңа салқындату жүйесін жасауда.

Хабар 24 телеарнасы