420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанның экс-президенті қайтадан тергеу изоляторына жеткізілді

  • 409
  • UPD: 17:43, 09.07.2020
Қырғызстанның экс-президенті қайтадан тергеу изоляторына жеткізілді

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев пневмониядан жазылып, қайтадан тергеу изоляторына жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Экс-президент күні-түні дәрігерлердің бақылауында. 23 маусымда Бішкек соты  Алмазбек Атамбаевты жемқорлыққа қатысты 11 жыл және 2 айға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған. Алайда ол тағылған айыптарды мойындамай отыр. 30 маусымда бұрынғы мемлекет басшысы екіжақты пневмониямен тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізілген. Алғашында «ол коронавирус жұқтыруы мүмкін» деген күдік болған. Алайда жасаған тест теріс нәтиже көрсетті.

 

Хабар 24 телеарнасы