425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда Airbus компаниясының қызметкерлері ереуілге шықты

  • 307
  • UPD: 18:18, 09.07.2020

Наразылық акциясы Гамбург, Бремен мен Аугсбург қалаларында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осы шаһарларда концерннің зауыттары орналасқан. Халықтың ашуға бой алдыруына жұмысшылардың қысқарылуы себеп болды. Компания әлем бойынша 15 мың қызметкерін қысқартуды көздейді. Оның 5 мыңнан астамы Германия азаматтары. Гамбург қаласында наразылар зауыттың алдына 2 мың бос орындық қойып оларға отбасылық және балалардың суреттерін іліп қойды. Жұмысшылар бұл компаниямен өмірлері байланысты екенін осылай білдіргісі келді. Компания басшысы коронавирус пандемиясының кесірінен осындай қадамға баруға мәжбүр екенін айтады. Биыл бірінші жарты жылдықта Airbus компаниясының ұшақ өндірісі 40 процентке қысқарды. Кәсіподақ мамандар нәпақасынан айырылып қалмау үшін 2021 жылға дейін қызметкерлердің жұмыс уақытын ғана қысқартуды ұсынып отыр.

Даниель Фридрих, кәсіподақ өкілі:

– Airbus 6 мың қызметкерін қысқартпақ. Бұл біздің өңірге ғана емес, кәсіподақ үшін де, жұмысшылар үшін де ауыр соққы болмақ. Мына орындықтар нәпақасынан айырылып қалатын жұмысшылардың санын көрсетеді. Өйткені коронавирустың дендеуінен біз бұл жерде көп адамды жинай алмаймыз. Алайда бұл компания басшылығы үшін ескерту болмақ, егер тиісті амал қолға алынбаса, халықтың барлығы осы жерге жиналады.

 

Хабар 24 телеарнасы