419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАӘ коронавирусты анықтау үшін иттерді қолдана бастады

  • 370
  • UPD: 17:54, 09.07.2020
БАӘ коронавирусты анықтау үшін иттерді қолдана бастады

Біріккен Араб Әмірліктері адамдардан COVID-19-ды анықтау үшін иттерді қолдана бастады.

Бұл туралы Al Arabiya хабарлады.

Бірнеше сынақ өткізіліп, нәтижесінде полиция иттерінің жоғары дәлдікпен коронавирустық инфекцияны анықтайтыны белгілі болды.

«Иттер анықтаған COVID-19 жағдайларының 92%-і дәл болып шықты», - делінген хабарламада.

Үйретілген иттер көшеде патрульдеу кезінде, вокзалдар мен әуежайлар сияқты адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирус жұқтырған адамдарды анықтай алады.

Хабар 24 телеарнасы