423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио – 2020: билеттердің ақшасы қайтарылады  

  • 286
  • UPD: 19:08, 09.07.2020
Токио – 2020: билеттердің ақшасы қайтарылады   express-k.kz

Токиодағы Олимпиада ойындарына билет алып қойған жанкүйерлерге ақшалары кері қайтарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті шешімді ұйымдастыру комитеті қабылдаған. Ресми мәлімет бойынша, Жазғы олимпиада ойындарына шамамен 4 жарым миллион, ал Паралимпиадаға 970 мың билет сатылған екен. Негізі, дүбірлі дода биыл 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Токиода өту керек еді. Алайда пандемияға байланысты Олимпиада ойындары бір жылға кейінге шегерілді. Келер жылы өтетін басты спорттық додада «Токио-2020» атауы сақталып қалады.

 

Хабар 24 телеарнасы