423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Африкадағы жағдай алаңдатарлық

  • 319
  • UPD: 21:11, 09.07.2020

Африкада Эбола безгегімен салыстырғанда коронавирустан көп адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жантүршігерлік мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады. Құрлықта Эбола безгегі 2014-2016 жылдары өршіп кеткен еді. Салдарынан Батыс Африкада 11308 адам қайтыс болған. Ал енді «Ковид-19» құрбандарының саны 12 мыңға жуықтаған. Гамбияда эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты төтенше жағдай тәртібі тағы да ұзартылды.  Індеттен әсіресе Оңтүстік Африка Республикасы қатты зардап шегіп отыр. Мұнда расталған деректер саны 200 мыңнан асады. Бүкіл құрлық бойынша да ең көп көз жұмғандар – осы елдің азаматтары.

Матамела Сирил Рамафоса, Оңтүстік Африка Республикасының президенті:

– Бұған дейін Африкада коронавирустың таралу деңгейі өзге құрлықтармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болатын. Алайда денсаулық сақтау саласы жақсы дамымағандықтан, ресурстар тапшылығы мен экономикалық қиындықтар кесірінен бізде індет өршіп барады.

 

Хабар 24 телеарнасы