418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та бірнеше танымал компания қаржылық қиындыққа тап болды

  • 166
  • UPD: 21:58, 09.07.2020
АҚШ-та бірнеше танымал компания қаржылық қиындыққа тап болды

АҚШ-қа банкроттық толқынының қаупі төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәріне коронавирус себеп. «Зэ МАзатлан Пост» басылымы қаржылай қиындыққа тап болған компанияның тізімін жария етті. Қатарында танымал киім брендтері көп. Мәселен, ерлер киімін шығарумен айналысатын «Брукс БрАзэрс». 200 жылдық тарихы бренд өзінің банкротқа ұшырғанын жария етті. «СтАрбакс» жүздеген дәмханасын жабатын болды. Үй жалдау бойынша онлайн алаң ұсынатын «Эйр-Би-Эн-Би» компаниясының басшысы коронавирус 12 жылғы еңбегін небәрі 6 апта ішінде жоққа шығарғанын айтты. АҚШ-тың ірі сауда орталықтарының бірі «Молл оф АмЭрика» ипотекалық төлемдерін тоқтатқан. Пандемия кесірінен биыл елде бөлшек саудасымен айналысатын 15 мыңға дейін дүкен жабылуы мүмкін деген болжам бар. «Ковид-19» АҚШ-тың еңбек нарығына да қатты әсер етті. Осы ретте шамамен 4 ай ішінде мұнда 50 миллионнан аса америкалық жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш берген.

 

Хабар 24 телеарнасы