418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжан ішінара қозғалысты шектеді

  • 119
  • UPD: 09:36, 10.07.2020
Әзербайжан ішінара қозғалысты шектеді

Әзербайжанда коронавируспен күресу мақсатында қозғалыс шектелген аудандар қатары көбейді.

Енді мемлекеттің 8 ауданында карантиндік режим жарияланды, яғни азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа нысандар тек онлайн режимде ғана жұмыс істйетін болады. Сондай-ақ Бакуде 20 шілдеге дейін метро жұмысы тоқтатылды. Жексенбі күндері қоғамдық көлік те жолға шықпайды. Шектеу енгізілген аудан тұрғындар тек рұқсат хатпен ғана үйлерінен шыға алады. Елде вирусқа шалдыққандар күрт көбейген. Күн сайын 500 науқас тіркелуде.Ауруханалар 90 процентке толы. Сондықтан ауру белгілері бар жандар үйлерінде жергілікті емхана дәрігерлерінің бақылауымен емделіп жатыр. 

Шахмар Мовсумов, президенттің көмекшісі:

- Амалсыз қатаң шаралар қолданып отырмыз. Карантиндік режимді әлсіреткеннен кейін вирус өршіп кетті. Қазір ең бастысы, жұқтыру көрсеткішін азайту. Бұл үшін азаматтар ережені сақтауы тиіс. Қатаң карантиннің қашанға дейін созылатыны осыған байланысты.

Хабар 24 телеарнасы